ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЛМЫС КӨБЕЙГЕН (видео)

Атырау, Caspian News. Мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы бойынша 5 ауыр санатты құқық бұзушылық дерегі тіркелген. Қазіргі уақытта оның үшеуі сотқа жолданса, қалған екі іс тергеу сатысында.

Бұл туралы Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының басшысы Қаһарман Жәрдемов айтты. Одан бөлек мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік бағдарламалар және квазимемлекеттік сектор бойынша 11 құқық бұзушылық анықталып, оның сегізі ауыр санатты қылмыстар тізіміне енгізілген. Сонымен қатар, департамент қызметкерлері заңсыз ойын бизнесі саласында 4 құқық бұзушылық дерегін тіркеп, оның ішінде екеуі ауыр санаттағы қылмыс деп танылған. Жалпы алғанда, 2019 жылдың І тоқсанында экономикалық тергеу департаменті 25 қылмыстық істі анықталып, оның 18-і сотқа жіберілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес электронной почты не будет опубликован.Обязательные поля помечены *