Шетелден қайтқан Қазақстан азаматтары елге кіре ала ма?

Жаңалықтар
Read Time0Seconds

Шетелден қайтқан Қазақстан азаматтары ел аумағына кіре алады. Және жүк тасымалдайтын, транзиттік автокөліктерді де ел аумағына кіргізу тоқтаған жоқ. Алайда ондағы тауарларды арнайы санитарлық-карантиндік және фитосанитарлық-ветеринарлық қызмет мамандары жіті тексеруден өткізеді. Ал жүк көліктері 1А санатына жататын мемлекеттерден келе жатқан болса, бірден кері қайтарылады. Әзірге мұндай деректер тіркелмеген. Сондай-ақ, белгілі бір талаптарға сәйкес келетін Қазақстан азаматтарының шекарадан шығуына рұқсат етіледі. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметінің өкілдері айтты.

0 0

About Post Author

CNTV

0 %
Happy
0 %
Sad
0 %
Excited
0 %
Angry
0 %
Surprise