Мұхтар Жәкішев 11 жылдан соң түрмеден шықты

Жаңалықтар
Read Time1Second

19 наурызда таңертең Семейдегі ОВ-156/144 қатаң режимдегі колониясынан «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішев босап шықты. «Азаттық Радиосының» хабарлауынша, оны түрме алдынан ондаған белсенді қарсы алды.

Сағат 10.30 шамасында Мұхтар Жәкішев түзеу мекемесінен көлікпен шықты, белсенділерді көріп, көліктен түсіп, бәріне қолдау білдіргені үшін алғыс айтты. Оның жанында әйелі Жәмила Жәкішева да болды.

InformБЮРО порталы жариялаған видеода адамдар түзеу мекемесі аумағынан көлікпен шығып келе жатқан Мұхтар Жәкішев пен оның зайыбын “Алға, Қазақстан!” деген ұранмен қарсы алды.

Құрметті ағайындар, балалар, бауырлар! Қиын уақытта менімен бірге болып, қолдау көрсеткендеріңізге көп-көп рақмет! Отбасым үшін, мен үшін бұл қолдау өте маңызды болды. Ол уақыттың бәрі өтті деп ойлаймын, енді мен ақыры денсаулығымды жақсартуды қолға аламын, – деді Мұхтар Жәкішев.

3 наурызда Семей соты Мұхтар Жәкішевтің мерзімінен ерте босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырған еді. Сот шешімі бойынша ол “пробациялық бақылауға алынып, жаза мерзімі толық аяқталмайынша Қазақстан аумағынан шығарылмайды”.

Мұхтар Жәкішев 2009 жылы мамырдың 21-інде “Қазатомөнеркәсіп” компаниясының басшысы қызметінен алынып, мамырдың 24-інде тұтқындалды. “Венада (Австрия) “Қазатомөнеркәсіп” компаниясының заңсыз өкілдігін ашу арқылы пайда тапты, астыртын касса ұстады, күзетшісіне қосымша еңбекақы төлеп келген” деген айыппен 14 жылға сотталды.

2012 жылы маусым айында Астанадағы Сарыарқа ауданының №2 соты Мұхтар Жәкішевтің үстінен қозғалған тағы бір іс бойынша үкім шығарды.

Оған Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді, бұл жаза бұрынғы 14 жыл жазамен біріктірілді. Екінші қылмыстық іс бойынша сот отырыстарына Мұхтар Жәкішев пен оның өзі жалдаған адвокаттары қатыспаған.

Түрмеде отырған кезде ІІІ топ мүгедектігін алған Мұхтар Жәкішев өзіне тағылған айыптармен келіскен жоқ.

Қазақстандық құқық қорғаушылар Мұхтар Жәкішевті “саяси тұтқындар” тізіміне қосқан. Халықаралық ұйымдар бірнеше рет Қазақстан билігінен оған бостандық беруді сұрады.

0 0

About Post Author

CNTV

0 %
Happy
0 %
Sad
0 %
Excited
0 %
Angry
0 %
Surprise