АДЫРАСПАН АНТИСЕПТИК ПЕ?

Жаңалықтар
Read Time1Second

Антисептикалық құралдарғазар болған қала тұрғындары енді жаппай халық емшілігіне жүгінуде. Адыраспан сатып аламыз деп ұзын-сонар кезекке тұрмаса да, сатушылардың саудасын қыздырып тұр.

Аты-жөнін жарияламауды өтінген бұл апай Өзбекстаннан көшіп келген. Адыраспан сатқанына бірнеше жыл болған ол атыраулықтардың бұл өсімдікке қызығушылығы соңғы жағдайларға байланысты күрт артқанын айтады. Өсімдіктің сабағы мен гүлі улы саналады. Шөпті тұтатқан кезде оның түтінінен айналадығ микроб-вирус атаулы өледі, — дейді ол.

Бірақ, ақхалаттылар дәстүрлі емес медицинаға жүгіне бермеу керек деген пікірде. Айтуларынша, адыраспан инфекциядан қорғай алмайды. Сондықтан халықты тек кәсіби мамандардың көмегіне жүгінуге шақырады.

Әдетте базарда адыраспанның бір бумасы 100 теңгеден сатылады. Ал соңғы кездері сұраныс артқалы 200 теңгеден саудалануда. Сатушының сөзінше, бұрын күніне адыраспанның онға жуық бумасы сатылатын болса, қазіргі кезде бұл сан елуге дейін артқан.

0 0

About Post Author

CNTV

0 %
Happy
0 %
Sad
0 %
Excited
0 %
Angry
0 %
Surprise