Электроавтобустардың қатары көбеймек

Comment

Атырау, Caspian News.

Қаладағы электроавтобустардың қатары тағы да көбеймек. Жақында құрылған «Ақ Жайық автопаркі» ЖШС «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының көмегімен тағы да 20 осындай қоғамдық көлік сатып алуды жоспарлап отыр. Серіктестік өкілдерінің айтуынша, олар әзірге қалада жүрген жалғыз электроавтобусты сынақтан өткізген кезде оның пайдалы екендігін анықтапты. Нақтырақ айтсақ, жүрісі жайлы және өте үнемді көрінеді. Яғни, жүргізуші көліктің майы мен фильтрін ауыстыру, жетекші белдіктері мен жанармай жүйесін жөндеймін деп бас қатырмайды.

 

Up Next

Related Posts