Атырау, Caspian News.

 

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле Сайлауова пара алды деген күдікке ілікті. 18 наурыз түнгі уақытта оны Ұлттық бюро департаменті қызметкерлері ұстаған. Экс-шенеунікке 5 млн теңге көлемінде пара алуы мүмкін және Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 189-шы Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу және 366-шы пара алу баптары бойынша айып тағылып отыр. Нұрсәуле Сайлауова қазіргі уақытта уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Айта кетейік, облыс әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасары қызметінде болған Сайлауова, өткен жылдың соңында Атырау облыстық білім басқармасы басшысы Қайырғали Кенжеғалиев пен оның орынбасары Роза Қабдолова істі болғаннан кейін өз еркімен қызметтік орнын босатқан.