Атырау, Caspian News. Атырауда екіқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен 30 тонна қоқыс шығарылды. Екі бөлмелі пәтер алпыс жастағы Наталья Афанасьеваға тиесілі. Көршілерінің айтуынша, жалғызбасты әжей көшедегі кез-келген қоқысты 20 жыл бойы үйіне тасыған. Бұл туралы көршілері біліп, дабыл қағыпты.