“ISKER ANA”-лар ІСКЕ КІРІСПЕК

Comment

Атырау, Caspian News.

Азаматтық орталықтың ұйымдастыруымен  қолға алынған«Isker ana» жобасы бойынша «әрлеуші» және «маникюрші» мамандығын алып шыққан 24 анаға сертификат табыстау рәсімі өтті. Оған қатысқан  облыс әкімінің орынбасары Серік Шапкенов аналар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, болашақта өз ісін ашқысы келетіндерге мемлекет тарапынан несие болмаса  500 мың теңгеге дейін грант бөлу жоспарланып отырғандығын айтып қуантты. Қазіргі таңда  аталған жоба бойынша білім алуға 300-ден астам атыраулық келіншек тілек білдіріпті. Олардың 100-ге жуығы 8 мамандық бойынша оқып жатыр.

 

Up Next

Related Posts