ИНВАТАКСИ СЫЙЛАДЫ

“Халық банкінің» Атырау филиалы облыстық мүгедектер қоғамына арнайы көлікті сыйға тартты. Бұл “Халық” қайырымдылық қоры мен Халық банкі бірігіп ұйымдастырған «Инватакси» әлеуметтік жобасы аясында жүзеге асып отыр. Микроавтобус алдағы уақытта атыраулықтарға, Доссор елдімекені мен Мақат, Жылой және Құрманғазы аудандарындағы мыңдаған мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін қызмет көрсететін болады.

Бүгінде Атырау облысы бойынша 21 мыңға жуық мүгедек бар, ал оның жеті мыңы – қала тұрғындары. «Инватакси» арқылы енді олар қоғамдық- әлеуметтік өмірге белсене араласатын болады. “Халық” қайырымдылық қоры мен Халық банкі мұндай мүмкіндікті еліміздің бұдан өзге 20 өңіріндегі мүгедек жандарға да сыйлап отыр.

Қазақстанның Халық банкі қайырымдылық көрсету жағынан былтыр республикадағы барлық банктерді шаң қаптырып, алға шықты. Өткен жылы аталмыш банк тарапынан қайырымдылық шараларына 18, ал биыл 25 миллион теңге бөлінген. Жоба банктің 95 жылдығына арналған «95 қайырымдылық іс» эстафетасы аясында қолға алынып отыр. Жалпы қайырымдылық шараларын жасау үшін 191 миллион теңге қарастырылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес электронной почты не будет опубликован.Обязательные поля помечены *