ПОЛИЦИЯ БАРЫСЫ — 2019

Comment

Атырау, Caspian News.

Облыстық құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында   кір тасын көтеруден, арқан тартыс және қазақша күрестен турнир өткізілді.

Оған облыстық департаменттен, барлық  аудандағы бөлімдерден, шекарашылардан құралған 17 команда қатысты. Мереке қарсаңында өткізілген шара кезінде қазақша күрестен 1-ші орынды иеленгендер бірнешеу болды. Атап айтқанда, олардың қатарында 66 келі салмақ дәрежесінде Нұрболат Ыстыбаев, 74 келі салмақта Аманбек Аруов, 82 келіде Ардақ Тәжекенов секілді әскери қызметкерлер бар. Ал, «Полиция барысы-2019» атағын облыстық департаменттің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы Аманбек Аруов жеңіп алды.

Up Next

Related Posts