ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Comment

Атырау, «Caspian News» телеарнасы.

Бүгін Атырау қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды.

Бұл  туралы лауазымды енді бұрын Атырау облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары болған Ұлықбек Тінәлиев атқармақ.  Ол ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім, спорт, мәдениет және тілдерді дамыту мәселелерін қадағалайтын болады. Айта кетейік, Ұлықбек Тінәлиев мемлекеттік қызметтегі мансабын 2017 жылы Махамбет ауданы әкімінің орынбасары боп бастаған еді. Оған дейін «Қазақстанның Тәуелсіз Ұрпағы» қоғамдық бірлестігі төрағасы қызметін атқарып, 30-дан аса сараптамалық жобаларды жүзеге асырған.

Up Next

Related Posts