Атырауда тұңғыш рет электроабтобустар жүре бастады

Comment

Қала көшелерінде электроавтобус жүре бастады. Авангард-Теміржол бекеті бағытында қатынайтын 14-ші нөмірлі электроавтобус жаңадан құрылған «Ақ Жайық Автопарк» ЖШС-не тиесілі. Ұзындығы 12 метрлік қоғамдық көлік отыратын 34 және түрегеп тұратын 80 адамға лайықталған. Жолақысын смарт карта, мобильді қосымша немесе валидатор арқылы төлеуге болады. Қазіргі таңда бұл автобустардың қалаға 30 әкелінген, алдағы уақытта Теңізшевройл компаниясының қаржылай қолдауымен тағы да 100 осындай автобус сатып алу жоспарланып отыр.

 

Up Next

Related Posts