Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Жаңалықтар
Read Time1Second

Атырау, Caspian News. Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

2016 жылы ҚР парламентінің депутаты болып сайланған ол 1981 жылы Атырау қаласында туған. Еңбек жолын 1999 жылы Атырау облыстық телерадиосында диктор, редактор болып бастаған ол кейін Атырау мұнай және газ институтының оқытушысы, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің элитарлық мектебі директорының орынбасары міндеттерін атқарған. 2004-2005 жылдары «Рахат ТВ» Атырау телерадио хабарларын тарату филиалы қазақ редакциясының тілшісі, 2005-2016 жылдары Атырау Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінің директоры болған. Бақытгүл Хаменова «Нұр Отан» партиясының мүшесі. ҚР Президентінің Алғыс хатымен, Ыбырай Алтынсарин, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Белсенді қызметі үшін» төсбелгілерімен, «Құрмет» орденімен марапатталған.

4 0

About Post Author

CNTV

0 %
Happy
0 %
Sad
0 %
Excited
0 %
Angry
0 %
Surprise