Балықтың қырылу дерегі министрлікті де алаңдатты

Comment

Жайықта балықтың жаппай қырылу дерегі Астанадағы тиісті министрлік өкілдерін де шындап алаңдатса керек, олар Атырауға арнайы іссапармен келді.

Шенеуніктер мәселені әдеттегідей дөңгелек үстел басына жиналып талқыламастан бұрын, балығының көп бөлігінен айрылған Жайық жағасына барып, судан сынама алды. Балық аулаумен айналысатын кооперативтерге барып, ау салып көрді. Өкінішке қарай, торға түскен балықтардың кейбірі өлі шықты.

Up Next

Related Posts