Жаңа сайланған депутат: Қазақстанда бір баланы асырауға 20 мың теңге жетеді

Жаңалықтар
Read Time2Seconds

БАҚ өкілдері депутат Әлтаевтан көп балалы отбасыларды қолдау мәселелерін қалай шешуге болатынын сұрады. Бүгін ғана мәжілісте ант берген депутат Нұржан Әлтаевтың пікірінше, Қазақстанда бір баланы 20 мың теңгеге асырауға болады, деп хабарлайды caspiannews.kz тілшісі Sputnik.kz порталына сілтеме жасап.

Айта кетсек, бүгін мәжілістің жалпы отырысында бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-минитрі Нұржан Әлтаевтың депутат болып сайланғаны белгілі болды.

Мәжіліс кулуарында журналистер су жаңа депутаттан еңбек министрлігінен неге дәл осы қиын уақытта кетіп қалғанын сұрады. Әлтаев мұның тек сәйкестік екенін, депутаттар қатарына баяғыдан қосылғысы келіп жүргенін ашық айтты.

«Алғаш рет мәжіліс депутаттығына 2004 жылы үміткер болдым, ол кезде елдегі ең жас кандидат мен едім. Өкінішке қарай, өтпей қалдым. Екінші рет сайлауға 2016 жылы қатыстым. Сол кезде «Нұр Отан» партиясынан депутаттыққа кандидаттар тізіміне кіріп, резервте тұрдым», — деді ол кулуарда.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдері Әлтаевтан елдегі көп балалы отбасыларды қолдау мәселелерін қалай шешуге болады деп сұрады.

«Егер үнемдесе, айына бір балаға 20 мың теңге жеткілікті деп ойлаймын. Меніңше, бұл мүмкін», — деді мәжілісмен.

Бұған қоса, Әлтаев депутат ретінде айына қанша жалақы алатынын әлі білмейтінін мәлімдеді. Депутаттардың баспанасына қоныс аудармаған, жалға алған екі бөлмелі пәтерде тұрады екен.

0 0

About Post Author

CNTV

0 %
Happy
0 %
Sad
0 %
Excited
0 %
Angry
0 %
Surprise