Атырау, Caspian News.

Атырауда қатты желдің әсерінен көп қабатты тұрғын үйдің шатыры ұшып, үш автокөлікті басып қалды. Оқыс оқиға сағат түс әлетінде Балықшы ықшам ауданындағы Құнанбаев көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Қалалық әкімдіктегілердің айтуынша, жұлынған шатырдың аумағы шаршы метрге жуық. Оны кімнің қалпына келтірері де белгісіз. Дегенмен, осы оқиғаға орай арнайы комиссия құрылып, шығын көлемін анықтауға кірісіпті. Ал, құтқарушылар, шатырдың қалған бөлігін бекітуде.