МАСА УЛАУҒА – 65 МИЛЛИОН. ӘЗІРГЕ…

Жаңалықтар
Read Time3Seconds

Атырауда көп қабатты үй тұрғындары жаз келмей жатып, маса мазаны алды, — дейді.

Айтуларынша, суға толы жертөленің кесірінен, қансорғыш жәндіктер тым көбейіп кеткен.

Әсіресе, балаларға қиын,- дейді аналар. Химиялық қорғаныш құралдарын қолдану сәбиге зиянын тигізе ме,- деп алаңдайды.

Алайда аймақта масамен күрес жұмысы әлі басталған жоқ. Әзірге тендер өтуде. Жеңімпаз компания тек үш ай қызмет көрсетеді. Оған 65 млн теңге қаражат бөлінді,- дейді коммуналдық шаруашылық бөліміндегілер.

Қалған жарты жылдыққа тендер қайта жарияланады. Басшылардың тапсырмасы сол. Ал масаға таланған тұрғындар қансорғышты жою жұмыстарының үздіксіз жүргізілуін талап етіп отыр.

0 0

About Post Author

CNTV

0 %
Happy
0 %
Sad
0 %
Excited
0 %
Angry
0 %
Surprise