Мұнай мен газдың үстінде отырған Атырауда сұйытылған газ тапшы. Кейбір бекеттерде ол мүлде жоқ болса, өзгелерінде талонмен берілуде. Газ таппай тарыққан көлік жүргізушілері таңнан кеш қарайғанша жанар-жағармай бекеттерін күзетіп жүрміз дейді. Айтуларынша, бұл жағдайдан кейін көп ұзамай, газдың бағасы көтерілуі мүмкін.