Қаладағы «Мұнайшы» ықшамауданының тұрғындары жол азабын тартып отырмыз дейді. Айтуларынша, бес шақырымға емес, небары бес жүз метрдей жерге тас жол төселсе жетіп жатыр. Бұл мәселемен әкімдікке хабарласқалы 5-6 жылдың жүзі болса да, шешілер емес. Жазған хаттарына берілетін жаттанды жауаптан да әбден шаршаған.