АТЫРАУДА БАЛЫҚ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАДЫ

Жаңалықтар
Read Time1Second

Балыққа бай болсақ та, бағасы қымбат. Атыраулықтардың басым бөлігі қара балықты жиі тұтынудан қалды. Айтуларынша, тек қонаққа барғанда жейтін көрінеді, себебі оның бағасы еттің құнына жуықтап, қазір жеңсік асқа айналып отыр.

Коммуналдық базардағы балықтың келісі бүгінде 1000 теңгеге дейін саудалануда. Сатушылар болса балықты кооперативтерден көтерме бағамен алып, үстіне азын-аулақ ақша қосып сатамыз деп отыр.

Балыққа баға қоярда бірнеше нәрсеге мән беріледі, -дейді осы саладағылар. Оған жануарлар дүниесін пайдаланғандығы үшін төленетін салықтан бастап, ау құрал-жабдықтары, тасымалдауға кететін шығынмен қоса балықшының киімі мен тамағына жұмсалған қаржы да кіреді.

Құны аспанға шарықтап кеткен астың бағасын әкімдік те қадағаламайтын көрінеді. Себебі, су маржаны әлеуметтік маңызды азық-түліктердің қатарында жоқ.

Дегенмен, басшылық тұрғындардың шағымына қарай, базардағы бағаны бақылап, балық шаруашылығы басшыларына ескерту жасап отырамыз,- дейді.

МТ, КН

0 2

About Post Author

CNTV

0 %
Happy
0 %
Sad
0 %
Excited
0 %
Angry
0 %
Surprise