БАЛЫҚШЫЛАР КӨМЕК СҰРАЙДЫ (видео)

Жаңалықтар
Read Time3Seconds

Атырау, Caspian News. Атыраулық балықшылар мемлекеттің қолдауына зәру.

Осы салада 10 жылдан бері келе жатқан «Інжу-маржан» ЖШС басшысы Гүлфара Исмагулованың айтуынша, жұмыс барысында кездесетін кедергі көп. Және балықшыларға салынатын салық мөлшері де аз емес көрінеді.

Ал, көршілес Ресейдегі әріптестеріміздің жағдайы көш ілгері, — дейді ол. Мысалы, ресейліктер ауланған сазан, шортан және жайын балықтарының бір келісі үшін 85 тиын төлесе, қазақстандықтар 33 теңге төлейді. Уақ балықтардың келісіне 11 тиын, ал жергілікті балықшылар 10 теңге төлеуі тиіс. Осындай мысал келтірген кәсіпкер Үкімет аталған салаға қатысты саясатын қайта қарамаса, жағдай түзелмейді, — деген пікірде.

Сонымен қатар, кәсіпкер балық аулауға қажетті техникаларды лизингке алу жағынан және жанар-жағармай сатып алғанда жеңілдік жасалса дейді.

Ал Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы бұл мәселелердің барлығынан тиісті министрлік хабардар екенін айтады.

0 0

About Post Author

CNTV

0 %
Happy
0 %
Sad
0 %
Excited
0 %
Angry
0 %
Surprise