Көрнекілік сурет.

Атырауда полицейлер шетелдік көліктерді айыппұл тұрағына қоюда

Жаңалықтар
Read Time4Seconds

Атырау, Caspian News. Полицейлер көліктерді айыппұл тұрағына қоюда.

8-16 ақпан аралығында өтетін «Борышкер» республикалық акциясының басты мақсаты – әкімшілік айыппұлдарды өндіру тиімділігін арттыру.

Шараның алғашқы екі күнінде 100-ге жуық автокөлік айып тұрағына жеткізілген. Олардың 20-сы «Автоураган» жылжымалы кешенінің көмегімен анықталыпты.

Айып тұрағына қойылған көліктердің 13-і Армения Республикасында, ал, 29-ы Ресей Федерациясында тіркелген. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары жолда жүру ережелерін бұзған 100-ден астам көлік иесіне айыппұлдарды уақытылы төлеу туралы ескерту берді.

6 0

About Post Author

CNTV

0 %
Happy
0 %
Sad
0 %
Excited
0 %
Angry
0 %
Surprise