ҚР ҰҚК және СІМ бірлесіп ұйымдастырған кең көлемді «Жусан» арнайы гуманитарлық операциясының тағы бір кезеңі аяқталды. Нәтижесінде Сириядан Қазақстанға 67 әйел мен 171 бала қайтарылды. Оның ішінде атыраулықтар да бар. Атырау облыстық Дін істері басқармасы өкілдерінің сөзінше, Атырау облысынан Сириядағы соғысқа 27 еркек пен 36 әйел аттанған. Олардың ішінде халықаралық іздеуде болғандар да бар.