Атырау, Caspian News.

Теңіз кен орнында қаза тапқан жұмысшының өліміне байланысты тексеру жұмыстары басталды. Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекция басқармасындағылардың айтуынша, қайғылы жағдай жұмыс уақытында  3 ДЖИПИ зауытының аумағында болған. Жазым болған 25 жастағы азамат Түркістан облысының тумасы, кранның бесінші санатты жүргізушісі болып жұмыс жасаған.