Атырауда ұсталған чемпион-шенеунікке қандай айып тағылғаны анықталды

Comment

Мемлекеттік істер жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің өкілдері Маңғыстау облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысының ұсталуының мән-жайын айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Нұрбек Қарабалаевқа лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланды деген айып тағылды. Ұлттық бюро оған қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. 

«Ол шетелдік компанияның аккредитациясын шығару шарттарын заңсыз жеңілдету, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарты бойынша мұз сарайын салу үшін іс жүзінде сәйкес келмейтін жабдықты (адиабаттық салқындатқыш) жеткізуді растау жолымен өкілеттікті теріс пайдаланды деген күдікке ілінді.

Нәтижесінде мемлекетке бір миллиард теңгеден аса шығын келтірілген», — деді Ұлттық бюроның қоғаммен байланыс департаменті басшысы Арман Бердалин брифинг барысында. 

Оның айтуынша, Нұрбек Қарабалаев сот шешімімен қамауға алынған. Тергеу жалғасып жатыр. 

Атырауда панкратион чемпионы тұтқындалды

Нұрбек Қарабалаев Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына 2018 жылдың сәуір айында келген. 2013 жылы Naiza FIGHTER атты кәсіпқой-спорт клубын ашқан және заңгер болған. 2004 жылы Қарабалаев қоян-қолтықтан Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

2009 жылы әскери самбодан ел чемпионы болды. 2010 жылы осы спорт түрінен ҚР кубогін жеңіп алған.

Оған қоса, 2010 жылы әскери самбодан Киевте өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болған және Польша да өткен паникратоннан әлем чемипонатының жүлдегері атанды.

2012 жылы грэпплингпен және панкратионнан Қазақстан чемпионы атанған. Мәскеуде әскери самбодан  өткен әлем чемпионатында үшінші орынды иеленген. 2013 жылы Атырауда өткен панкратионнан ел чемпионатын жеңген. «Қазақстан Республикасының құрметті спортшысы» атағын алған.



Up Next

Related Posts