ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА КӨШКЕН УӘДЕ

Жаңалықтар
Read Time4Seconds

«Қар түсіп, жаңбыр жаумаса екен». Қазір қалалық әкімшілікке қарайтын Геолог ауылындағы не атауы, не нөмірі жоқ көше тұрғындарының күні-түні тілейтіні осы. Әйтпесе, көлікті айтпағанда, балшықтан тіпті өздері де үйлеріне кіріп-шыға алмай қалады. Айтуларынша, үйлері орналасқан аумақ бұрынғы «БейМаХис» деп аталған саяжайдың орны. Бұл мәселе мұндағы барлық көшеге емес, тек біреуіне тән. Оны айтып, мына халықтың тоздырмаған табалдырығы жоқ.

Жаңылдық МҰХАМЕДИЯРОВА, Геолог ауылының тұрғыны

2012-ден 2015-ке дейін бұрынғы әкім бар Нұржанның кезінде бір өзім барғанмын. +Жол болады қарастырамыз, кіргіземіз деп шығарып салды. Соңғы барғанда 2015-те Нұржан айтты, қаралып жатыр жол салынады бұйырса ақша бөлуді қарастырып жатырмыз деді. 2016 жылы барғанымда ол кісі кетіп қалды, орнына басқа әкім келді, ол кісі айтты бұл жерге көшеге асфальт салынған, салынды деп тапсырып тастаған жоба. Енді білмейміз тапсырып тастағаннан кейін бұл мәселе қалай шешілетінін біз білмейміз деп соңғы жауабын алғанмын.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміндегілер ұзындығы 1 шақырымға да жетпейтін көшенің бірнеше жылдан бері не себепті елеусіз қалғанын түсіндіре алмады. Сөздерінше, бұл істі кезінде қолға алғандар қазір қызметтерінде жоқ болғанымен, бұл мәселе қалалық әкімдіктің назарынан тыс қалмайды.

Алмас СӘРСЕНОВ, Атырау қалалық ТҮКШ сектор меңгерушісі

2019 жылы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы тарапынан ашық конкурс жарияланып нәтижесінде бас жобалаушы ТС Индустрия Павлодар қаласының мекемесі бас жобалаушы болып анықталып, жобалық сметалық құжаттамасы басталған болатын. Күні бүгін де аталған жоба + толығымен аяқталды. Аталған жобаны мемлекеттік сараптамаға енгізу көзделіп отыр.

Бірақ, мұндай жауапты жылда естіп келеміз деген халық әлі де сенбестік танытып отыр. Дегенмен, қазіргі қала басшысы Қайрат Оразбаевтан көмек күтетіндіктерін айтып қалды. Айтпақшы, «беймахистықтар» жарық, көгілдір отын және суды қазынаға салмақ салмай, өз қаражаттарына тартқандықтан, енді жол құрылысын жүргізіп, мүлде тұралап қалатын қалатын жағдайымыз жоқ дейді.

Жанаргүл Бисенова, Фархад Тәжібаев, КН

0 0

About Post Author

CNTV

0 %
Happy
0 %
Sad
0 %
Excited
0 %
Angry
0 %
Surprise