Республиканың үш қаржы институты қайта ұйымдастырылады.

Қазақстанда AsiaCredit Bank, Capital Bank Kazakhstan және Tengri Bank бірігетін болды, деп хабарлайды Қазақстанның қор биржасының (KASE) сайты.

31 мамырда Tengri Bank АҚ, AsiaCredit Bank («АзияКредит Банк») АҚ және Capital Bank Kazakhstan АҚ акционерлері банктерді қайта ұйымдастыру шешімін мақұлдады.

«2019 жылдың 31 мамырында акционерлердің бірлескен жиналысында AsiaCredit Bank пен Capital Bank Kazakhstan банктерін  Tengri Bank құрамына қосу арқылы үш қаржы институтын қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданды», — делінген хабарламада.

Акцияларды алмастыру коэффициенті, сатып алу тәртібі мен мерзімі шілде айының басында бекітілуі тиіс.

Дереккөз: sputniknews.kz