Қала әкімі есеп береді (видео)

Жаңалықтар
Read Time4Seconds

Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев 7 ақпан күні халық алдында есеп береді.

Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында сағат 10.00-де басталатын шараға кез-келген тұрғынның қатысып, сауал қоюға немесе ұсыныс-тілегін білдіруіне болады. Ал, қатыса алмайтындар үшін облыс орталығындағы мемлекеттік мекемелер мен кейбір сауда орталықтарында арнайы жәшіктер қойылуда.

Нақты айтсақ, олар қала әкімдігінің ғимараты мен қалалық жұмыспен қамту орталығы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ №1, №2 «Халыққа қызмет көрсету орталығы» бөлімшері, «Сарайшық» базарында.

Айтылған мекен-жайлар бойынша қойылған жәшіктерге сұрақтарыңызды немесе талап-тілектеріңізді жазбаша қалдыруға болады. Одан бөлек, akimat_atyrau@atyrau.gov.kz электронды поштасына және әкімдіктің ресми сайтындағы қала басшысының жеке платформасына хат жолдай аласыздар.

0 0

About Post Author

CNTV

0 %
Happy
0 %
Sad
0 %
Excited
0 %
Angry
0 %
Surprise