Отбасы уақытша баспанада төрт жыл тұрып келген. Жанұяда жетеу. Оқиға болған күні ата-анасының екеуі де үйде болмаған. Tengrinews.kz тілшілері оқиға орнында болып, қайтыс болған бес баланың жақындарымен сөйлесті. 

Отбасы Көктал-1 тұрғын алабындағы Шыңғыстау көшесінде орналасқан үйде тұрған. Бұл шағын баспана болған, алайда отбасы осы үйде төрт жыл бойы тұрып келген. 


Жанында бірнеше осындай үй бар. Онда отбасының туыстары тұрады. Үйде көмір пеші жағылатын болған. Туған-туысқандарының айтуынша, бұрын-соңды пештен қиындық көрмеген, олардың үйінде де осындай пеш тұр екен. 

Туыстарының айтуынша, балалардың анасы бөлшектеп өлшеуші болып жұмыс істейтін және сол күні ол түнгі ауысымда істеген. Әкесі балаларымен бірге болған, бірақ оны дереу жұмысқа шақыртқан. Ол көлік жөндеу станциясында моторист болып жұмыс істейді екен. Соңғы рет олар пешті түнгі екі шамасында тексерген, барлығы да дұрыс болған және үйде жарық жанып тұрған. Ал түнгі үште алапат өрт шыққан. 


«Біз мұнда байбалам салдық. Өрт сөндірушілерді барлығы шақырды. Өртті көргендердің барлығы шақырды. Бірінші болып кім шақырғаны белгісіз», — деді отбасының туысы. Қайтыс болған балалардың ата-анасы үйінде жоқ, қазіргі уақытта олармен психологтар және әлеуметтік қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр. 


Өрт сөндірушілердің мәліметінше, 2018 жылы елордада 669 өрт болған. Соның салдарынан 10 адам қаза тапты. Оның ішінде бір бала бар. 2019 жылдың басынан 69 өрт шықты. Қайтыс болған бес қыз — биыл өрттің бірінші құрбандары.


Еске салайық, Астанада жекеменшік үйдегі өрт салдарынан бес бала қаза тапты. Қайғылы оқиға Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болды. «4 ақпанда сағат 02:34-те 101 пультіне жеке тұрғын үй аумағындағы уақытша құрылыстан өрт шыққаны туралы хабарлама келді. Өрт 30 шаршы метрді шарпып, кейін 25 шаршы метр шатырды құлатқан.

Тілсіз жау 03:06-да оқшауланып, 03:24-те сөндірілді. От сөндіру барысында 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген бес баланың мәйіті табылды. Ата — аналары жұмыста болған.