Атырауда көлікті мас күйінде басқарған полицей 15 тәулікке қамауға алынды

Жаңалықтар
Read Time2Seconds

Атырау, Caspian News. Атырауда көлікті масаң күйінде басқарған полицейге қатысты сот шешімі шықты.

Оған сәйкес, учаскелік инспектор 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылып, 15 тәулікке қамауға алынды. Тәртіп сақшысына ҚР Әкімшіліқ құқық бұзушылық туралы Кодекстің «көлікті масаң күйінде басқару» бабы бойынша айып тағылған болатын. Қалалық полиция басқармасының қызметкерін Департаменттің Өзіндік қауіпсіздік басқармасындағы әріптестері ұстапты. Учаскелік инспектордың өзіне сенсек, ол ішімдік ішкенмен, көлік руліне отырмаған көрінеді.

Сотталушы: Мен айттым, ішкенім рас дедім, бірақ автокөлік айдаған жоқпын. Сол жерде айтты маған, сен бәрін мойындап жазатын болсаң жеңілдік болады, жұмыста қаласың деді. Мен сосын ештеңе болмайтын шығар деп бәрін жазып, түсініктемелерді жазып көрсеттім. +Мысалы үшін айдады деп көрсетіп тұрғо ӨҚБ.Сол жерде автокөлік айдап келе жатқан жөнінде дәлелдеме болса хотя бы бір. Мен ол жерде айдаған жоқпын, жолдасым айдап келе жатты, мойындайм оны.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі ұсынған мәлімет бойынша, өткен жылы ішімдік ішіп, автокөлік жүргізген 1405 адам жүргізушілік куәлігінен айрылса, биылғы жылдың басынан бері олардың саны 13-ке жеткен. Біреуі — жүкті келіншек.

0 0

About Post Author

CNTV

0 %
Happy
0 %
Sad
0 %
Excited
100 %
Angry
0 %
Surprise