Басты ақпаратЖаңалықтар

NCOC КОМПАНИЯСЫ КАСПИЙ ИТБАЛЫҒЫНЫҢ ПОПУЛЯЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗДІ

NCOC компаниясы Каспий итбалығының популяциясын кешенді
зерттеу және су түбін тереңдету жұмыстарына жүргізілген экологиялық
мониторинг нәтижесі бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Шараға компания қызметкерлерінен бөлек, ғалымдар мен қоғам белсенділері қатысты. Олар мұнда NCOC қолдауымен жүргізіліп жатқан Қазақстан- Ресей зерттеу жұмыстарының қортындысын тыңдауға келген. Бағдарламаның мақсаты — Каспий итбалығы популяциясының қазіргі күйін Каспий теңізі жануарлар әлемінің эндемигі және Каспийдің экожүйесі ахуалының индикаторы ретінде зерделеу.

Естеріңізге салсақ, NCOC компаниясы 2022 жылы логистиканы оңтайландыру үшін теңізде су түбін тереңдету жұмыстарын жасаған болатын. Оның жалпы ұзындығы 56 шақырымды құрады. Осы жұмыстардан соң ондағы экожүйе мен биоортаның қалай өзгергені көпке қызық. Бұл туралы түрлі бағытта экологиялық зерттеумен айналысатын Green Benefits ЖШС өкілі өз пікірін білдірді. Аталған мекеме қызметкерлері НКОК-тың қолқа салуымен теңіздегі тіршіліктің жай-күйін бақылаған еді.

2005 жылдан бастап Солтүстік-Каспий жобасының операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясы итбалық сандарын әуеден есепке алу жұмыстарын жүргізген еді. Сол кездегі санақ бойынша теңізде шамамен 1 млн 100 мың итбалық болған. Қазір бұл көрсеткіш әлдеқайда кеміді. Былтырғы есеп бойынша теңізде 260 мыңдай итбалық бар. Мұндай ақпарды қоршаған ортаны зерттеумен айналысып жүрген мекемелердің тағы бірі — «КАПЭ» ЖШС ғалымдары айтты. Каспидің бүгінгі күйін жан-жақты зерделеген олардың сөзіне қарағанда, сүтқоректілердің азаюына бірнеше себеп бар.

Ғалымдардың сөзінше, Каспий итбалықтарының азаюына климаттың өзгеруі өде өз үлесін қосып отыр. Өйткені жаһандық жылынудың әсерінен қыс қалыптан тыс жылы. Мұз әлсіз. Ақырында теңіз сүтқоректілерінің мекендейтін ортасы тарылып барады. Оған Каспий теңізінің тартылуын қосыңыз. Мұның бәрі итбалықтардың ашық аралдарға қоныс аударуына алып келеді. Айта кетейік, 2017 жылы 100-ден астам ел, соның ішінде Әзірбайжан 1993 жылы және Түркіменстан 2011 жылы каспий итбалығын жойылу қатері төнген түрге жатқызды. Ал Қазақстан 2020 жылы оны қызыл кітапқа енгізген болатын

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *