ҚОНАҚЖАЙ СТУДИЯ — ЖӘКЕН ОМАРОВ

 

Жәкен Қазыбекұлы Омаров — 1974 жылы 19 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Шымкент педагогикалық мәдениет институтын бітірген. Әнші, термеші, композитор, айтыс ақыны.

Еңбек жолын Шымкент облыстық жастар одағы комитетінен бастаған. 1997 жылы Түрік Республикасы Ыстамбұл қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы Білім және парасат қоры дін курсын бітірген. Қазір аталған қордың Алматы қаласындағы мәдениет бөлімін басқарады.

Ол 1988-2001 жылдары аралығында өткен айтыстарда, республикалық айтыстарда, «Студенттер көктемі», «Ұлытау үні» фестивальдерінде жеңімпаз атанған. Сонымен қатар ол көпшілік сүйіп тыңдайтын көптеген әндердің авторы.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес электронной почты не будет опубликован.Обязательные поля помечены *