Атырауда балалар мен жасөспірімдер арасында таэквондоның олимпиадалық емес түрінен облыстық чемпионат өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын біріншілікке Атырау қаласынан 250 спортшы қатысып, үш санат бойынша бақ сынасты. ГТФ-тың таэквондоның басқа түрлерінен айырмашылығы — спортшының аяқпен ғана емес, қолымен де шабуылдауына рұқсат беріледі. Және қорғаныш шлемін кию міндеттеледі. Ілияс Төлеуов спорттың осы түрімен 2 жылдан бері айналысады. Таэквондоны денені шымыр әрі икемді етуге көмектеседі, — дейді ол.
Толығырақ: https://fb.watch/ktW1E344zz/
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0