Атырауда 500-ге жуық мұғалім жетіспейді. Әсіресе, математика, физика, химия, дене шынықтыру пәндері мен бастауыш сыныпқа орыс тілінен сабақ беретін маман тапшы. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жансұлу Төремұратова баспасөз брифингінде айтты. Бас ұстаздың сөзіне сенсек, өңірдегі 11мыңға жуық мұғалімнің 200-ден астамы — зейнеткер. Бұл мәселені шешу үшін биыл 200-ге жуық жас маман еңбекке араласады деп күтілуде. Сондай-ақ, жаңа оқу жылында 5 мектеп ашылады.

Жансұлу ТӨРЕМҰРАТОВА, Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Аудандарда Исатай, Махамбет, Қызылқоға аудандарында 2 мектеп 80 орындық, 1 мектеп 60 орындық. Бұл мектептер жаңа мектептер емес. Бұл ескі, құлап, бейімделген мектептердің орнына салынған жаңа мектептер. Типтік мектептер. Жақында аралап келдім. Сол кішігірім ауылдар үшін қуанышты жағдай. Ал екі мектеп бұл қала орталығында. Нұрсаяда 900 орынды жалпы білім беретін жаңа мектеп, және Жұлдыз ықшам ауданында 624 жаңа ғимарат бой көтеріп дайын тұр. Қазір оны заңды рәсімдеудеміз.