Мұнайлы өңірде коронавирус жұқтырған бірден142 адам тіркелді. Бұл облыстағы індет басталғалы анықталған ең көп көрсеткіш. Белгілі болғандай науқастардың барлығы Теңіз кенішінің жұмысшылары. Олардан сараптама алатын үш зертхана жұмыс жасауда. Нақтырақ айтсақ, Ұлттық сараптама орталығының филиалы, «Олимп» және Атырау обаға қарсы күрес станциясының зертханасы. Атырауда соңғы аптада тіркелген ковид-19-дың көпшілігі вахталық аймақта болып отыр.
Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ, Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы
— Міндетті скрининг кезінде 142 коронавирус жұқтырған азамат анықталды. Олардың барлығы карантингдік аумақта жатқан азаматтар. Себебі, осы дертті жұқтырғандармен байланыста болғандар. Жалпы 13 мамырдан 29400 тест жасалды. Оның 17000 астамы теңіз кенішінде.
Теңіз кенішінде вирустың қалаға таралмауы үшін 230 орындық инфекциялық стационар ашылды. Қазір мұнда 211 науқасқа ем жүргізілуде.
Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ, Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы
— Инфекциялық стационар № 2 облыстық аурухананың филиалы болып табылады. Қазіргі уақытта мұнда ТШО мердігер мекемелерінің 211 қызметкері ем қабылдауда.аталған инфекциялық стационарда ТШО клиникасының 32 дәрігері мен 30 орта медициналық қызметкері жұмыс істеп жатыр.
Қазір вахталық аймақтағы вирус жұқтырғандармен байланыста болғандардың саны 2 мыңнан асады. Науқастарды оқшаулау жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Бұдан бөлек қосымша тағы 610 орынды карантиндік стационар дайын тұр. Егер дертке шалдыққандардың саны осы қарқынмен көбейе берсе, бұл орынның да аз уақытта толары анық. Одан кейін бұл мәселенің қалай шешілерін штабтағылар да білмей отыр.