Жаңалықтар

COVID-19: ШЕТЕЛДІКТЕР МЕН КОМПАНИЯЛАРДЫҢ КӨМЕГІ

Коронавируспен күресуді қолға алған шетелдік дәрігерлер Атырауға келуі мүмкін. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов брифингіде мәлімдеді. Елімізге эпидемиолог, вирусолог, пульмонолог және басқа да бейінді бағыттардағы мамандардан тұратын ресейлік 32 маман келген болатын. Олар қазіргі ахуалды бақылап, ауруханаларға қол ұшын созады. Сондай-ақ, стационарларды аралап, жергілікті дәрігерлерге оқыту семинарларын жүргізбек.

Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, Атырау облысының әкімі
Мамандарды өңірімізге тарту жұмыстары министрлікпен қарастырылып жатыр. Әзірге нақты шешім жоқ, алайда Ресейден келген дәрігерлер біздің облысқа да көмектеседі деп үміттенеміз. Одан бөлек, біз Ресеймен тағы қосымша дәрігерлерді тарттыру туралы келіссөздер жасап жатырмыз.

Брифингіде қос ірі мұнай компаниясының көмекке екі миллиард теңге қаражат бөлгендігі айтылды. Одан бөлек, жергілікті және республикалық бюджеттен тағы бір миллиард теңге жұмсалыпты.


Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, Атырау облысының әкімі

Иә осы ірі компаниялардан көмек алдық. Ақшалай алған ештеңеміз жоқ. Біз бірден құрал жабдықтаро, дәрі дәрмек сондай көмек сұрадық, ПЦР, ИВЛ аппараттарын алдық. Ақшалай айтсақ ТШО, НКОК әр қайсысы бір миллиардан бөліп, сондай көмек көрсетті.

Ал Атырау облысы вирус жұқтырғандар саны бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан түсіп, Алматыдан кейінгі орынға тұрақтады. Өңірде COVID-19-ға шалдыққан 6156 науқас тіркелсе, пневмониямен 1307 адам ауырып жатыр.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

0 %