Жаңалықтар

CASPIAN NEWS «ОТАU TV» ЖЕЛІСІНДЕ!

Көрерменге жедел әрі нақты ақпарат тарататын “Caspian News” телеарнасы «Отау ТВ» желісіне қосылды. Енді біздің арнаны жерсеріктік сигнал қабылдауға мүмкіндігі бар Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі ауыл, қала, облыс тұрғындары тамашалай алады. Осыған дейін телеарна Алма ТВ, ІD ТВ, Цифрлық эфирлік телевизия және Билайн Тв сандық желілері арқылы хабар таратып келді. Енді Caspian News «Отау ТВ» желісінде 53-ші арнада. Мұнайлы өңірдегі 93 мыңға, ал республика бойынша 1 жарым миллионға жуық тұрғын осы Отау ТВ спутниктік желісіне қосылған. Телеарна көрермендері 17 сағат бойы 15-ке жуық тақырыптық хабар мен сағат сайын облыста болып жатқан жаңалықтарды көре алады. Сондай-ақ, сәуір айынан бастап эфирлік кесте жаңа бағдарламалармен толықпақ. Жаңа маусымда Бесаспап, Дат, Юридическая клиника, Сапа белгісі сынды тақырыптық хабарлар көрерменге жол тартады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *