Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

МАСАНЫ УЛАУҒА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ ЖЕТПЕЙ ҚАЛУЫ МҮМКІН

Атырауда маса улауға бөлінген 50 миллион теңге жетпей қалуы мүмкін. Дейді облыс орталығын дезинсекциялау жұмыстарына жауапты компанияның өкілдері. Мұны олар өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде айтты. AG Disifection servises ЖШС директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Гүлсара Ходжибекованың сөзінше, мердігер мекеменің қорында улауға қажетті препарат жеткілікті. Алайда қазір нарықта дезинсекция жасауға арналған дәрілердің бағасы қымбаттап кеткен. Маса улау жұмыстарымен 20 дезинфектор, 4 эпидемолог-дезинструктор мен 1 биолог айналысып жүр, олар жел генераторы қондырылған 6 газель, салқын және ыстық тұман шығаратын 8 генератор және 10 дана бір реттік шашыратқышты пайдалануда.
Толығырақ https://fb.watch/l5_q-GXzlj/

Оқи отырыңыз...

«АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ-2025»: ТШО ШЕТЕЛДІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖЕТКІЗУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

АТЫРАУДЫҢ ТУМАСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭФИОПИЯДАҒЫ ЕЛШІСІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

МАҚАТТА 100-ден АСА ТҰРҒЫН САЛЫҚ ТӨЛЕМЕЙ ЖҮР