Қазақстан Қашаған және Қарашығанақ кен орындарының операторы — NCOC пен Karachaganak Operating Company консорциумдарына қатысты талап бойынша сот шешімін талап етуде. Бұл туралы еуропалық Reuters басылымы Қазақстанның Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің сөзіне сілтеме жасап хабарлады. Басылымның ақпаратына сүйенсек, министр мәселені соттан тыс жолмен шешу қарастырылмайтындығын айтқан. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан үкіметі елдегі ең ірі Қашаған және Қарашығанақ кен орындарын игеріп отырған компанияларды арбитраж сотына берген еді. Үкімет екі жоба серіктесін де тендер рәсімдерін бұзды деп айыптаған.
Толығырақ https://fb.watch/l5_oln5nLs/
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0