Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің әскери кафедрасының түлектері ҚР ҰҚК шекара қызметіне қарасты «Евразия» әскери бөлімшесінде болды. Олар бір күн бойы әскерилердің өмірімен танысып, қолдарына шынайы қаруды ұстап көрді. Және казармаларды аралап, жауынгерлердің күнделікті тыныс-тіршілігімен танысты. Бұдан соң шекарашылар студенттерге жауынгерлік дайындықтан үзінді көрсетті. Экскурсияға риза болған студенттер әскерилерге рахмет айтып тарасты. Ұйымдастырушылардың сөзінше «Ашық есік күнін» өткізгендегі көздеген мақсат – жастардың бойындағы патриоттық сезімді, Отанға деген махаббатты ояту, әскер өміріне қызығушылықтарын арттыру көрінеді.
Толығырақ https://fb.watch/l5Y99qvepb/
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0