Басты ақпаратЖаңалықтар

«АЗАТТЫҚ» ДАҢҒЫЛЫНДАҒЫ 65 АҒАШ КЕСІЛЕДІ

«Азаттық» даңғылындағы 65 ағаш кесіліп, 15 терек басқа жерге көшіріледі. Нақтырақ айтқанда, бұл ағаштың барлығы №6 Мұрат Мөңкеұлы атындағы мектеп пен «Арна» жанармай құю бекеті арасындағы аумақтан ғайып болмақ. Өйткені, дәл осы аумақтың ені басқа учаскелерден қысқалау. Ағаштарды кесіп, оны көшіру жұмыстарымен айналысатын компания алғашында ағаштардың өмірін механикалық жолмен, яғни арнайы техниканың көмегімен басқа аумаққа қайта еккісі келген. Бірақ, талдардың тамырларына жақын орналасқан коммуналдық желілер көшірудің бұл әдісіне мүмкіндік бермей отыр. Сондықтан, мамандар ағаштарды мұқият зерделеп, оларды қарапайым жолмен көшіреді. Барынша кесілетін ағаштардың санын азайтып, қайта егілетін желектердің қатарын көбейтуге тырыспақ.
Толығырақ: https://fb.watch/kBRn0DqWYR/

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *