Басты ақпаратЖаңалықтар

АНАЛАР ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРДІ ҰЛЫҚТАДЫ

Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармонияда «Ана — деген алтын қазық, алтын бақ» атты мәдени іс-шара өтті. Мұны «Қазақ аналары — дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау филиалының мүшелері халықаралық отбасы күніне орай ұйымдастырды. Аналардың көздегені — ұмыт болып бара жатқан ұлттық дәстүрлерді қойылым арқылы көрермен көңіліне жеткізу. Айталық, олар «Құрсақ шашу» дәстүрін қойылым түрінде көрсетті. Бұл жас келіннің бойына бала біткен кезде жасалатын ырым. Мұнда қыз-келіншектер жиналып, жүкті әйелдің тәбеті тартқан жерік асын тауып беру мақсатында дастархан жаяды. Түрлі ырым-тыйымды айтып, болашақ ананы жамандықтан сақтандырады. Бұдан кейін өмірге перзент әкелген жас анаға кимешек кигізу дәстүрі тағы бар. Бұл оның жаңа сатыға өткенінің бір белгісі.
Толығырақ: https://fb.watch/kAokz8eiph/

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *