Басты ақпаратЖаңалықтар

МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ СЛЕТІ ӨТТІ

Атырау қаласының үздік ұстаздары арасында слет-байқауы өтті. Байқауға еңбек өтілі 3 жылдан кем емес 50-ден астам мұғалім қатысты. Олар алғашқы кезеңде шығармашылық жобаларын презентация, бейнероликтер арқылы қорғап, падегогикалық ойларын, іс-тәжірибесін таныстырса, екінші кезеңде ашық сабағын панорамалық түрде қорғады. Мұндай іс-шара қалада алғаш рет ұйымдастырылып тұрса да қатысушылардың қызығушылығы жоғары. Жарыстың қорытындысы бойынша 1 орынды №34 мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Айымжан Мұратқызы иеленді. 7 жылдан бері мұғалім болып жұмыс істейтін Айымжан байқауда жеңу үшін барын салған және жеңіп шығатынына сенімді болыпты. Ұйымдастырушылар жүлдегерлерді дипломдармен марапаттап, салтанатты іс-шара аясында концерт өткізді. Мұндай байқау келер жылы да өткізіледі деп жоспарланып отыр.
Толығырақ: https://fb.watch/ktW8mdTPNx/

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *