Құрманғазы ауданында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 31 жыл толуына орай «Қарулы күштер – Тәуелсіз елдің қорғаны» атты іс-шара өтті. Аудан әкімінің міндетіп атқарып жүрген Марат Хасанов жиылғандарды құттықтап, бір топ адамды марапаттады. Олардың ішінде Ғизат Әліпов ауылының тұрғыны, әскери міндетін тәжік-ауған жерінде өтеп, елге келген соң қайтыс болған Жеңіс Рақымовтың анасы Нәсіпхан Қажиеваға «Ана жүрегі» төсбелгісі мен аудан әкімінің алғыс хаты, тәжік-ауған қақтығысына қатысқан Арман Молдағалиевке «Қазақ батыры», Максим Сапаровқа «Тұран», мерекелік медалі берілді. Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагері Ғарифолла Оралбек «Ардақты ардагер» алтын белгісімен марапатталса, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің инспекторы Асыланбек Шәріпов «Әскери-патриоттық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін» мерекелік медалімен ұлығыланды.
Толығырақ: https://fb.watch/ktFmtrHSO9/
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0