Басты ақпаратЖаңалықтар

«САРАЙШЫҚ» АУЫЛЫНДАҒЫ САПАР ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

«Сарайшық» ауылындағы сапар орталығы ашылды. Оған өңірге іссапармен келген ҚР мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қатысты. Музей-қорықтың аумағынан дәл осындай нысанның қажеттігі туралы бұған дейін сан рет айтылып, нақты жұмыс тек 5 жыл бұрын басталған еді. Кешенге келушілер үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда экспозияциялық көрме залы, қойма, археологиялық және қайта қалпына келтіру зертханасы, 100-150 орындық конференц-зал, кітапхана тіпті туристерге арналған қонақ үй де бар. Сапар орталығының құрылысы басталған кезде «Сарайшық» музей-қорығының қызметкерлері экспозицияны жасақтау жұмыстарын қатар жүргізді. Концепциясы жасақталып, республикалық бюджеттен 100 млн теңге қаражат бөлінді. Сапар орталығының құрылысына 780 миллион теңге жұмсалды.

Толығырақ сілтемеде

https://fb.watch/kkEFGjj9yr/

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *