Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

МАСАНЫ УЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАСАЛЫП ЖАТЫР

Атырауда масаны улау жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл үшін бюджеттен 50 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Қазіргі уақытта бригадалар халық көп жиналатын жер — саябақтар мен Жайық жағалауын улап жүр. Бұл жұмыстар сәуірде басталған еді. Бұған дейін көпқабатты үйлердің подъездері мен жертөлелелерін дезинфекциялау жұмысы жасалған. Мамандар «өткен жылы қолданылған препаратқа жәндіктердің еті үйреніп кеткендіктен, биыл одан тиімдірегін қолданудамыз» дейді. Препараттарға мемлекеттік сараптама жасалған және адамға, жан-жануарға зияны жоқ. Қазіргі уақытта Вокзал маңы, Лесхоз және Аванград-2 ықшам аудандарының тұрғындары масаның көптігін айтып, шағым түсіріпті. Сондай-ақ, биылдан бастап қала маңындағы елді мекендердегі улау жұмыстарына округ әкімдері өздері жауапты.

Толығырақ сілтемеде

https://fb.watch/kkC0qpCE8j/

Оқи отырыңыз...

50 ЖЫЛ БҰРЫНҒЫ ТҮЛЕКТЕР МЕКТЕП АУЛАСЫНА АҒАШ ЕКТІ

КАЗАХСТАН ДОБУДЕТ 96,2 МЛН ТОНН НЕФТИ В 2025 ГОДУ

ҚАЗАҚСТАНДА ОЙЫН БИЗНЕСІ БЮДЖЕТКЕ МИЛЛИАРДТАҒАН ТЕҢГЕ САЛЫҚ ТҮСІРДІ