Басты ақпаратЖаңалықтар

ЖАС ИНСПЕКТОРЛАР СЛЕТІНЕ 8 КОМАНДА ҚАТЫСТЫ

Исатай ауданында жас инспекторлар слеті өтті. Оған аудан мектептеріндегі оқушылардан құралған сегіз команда қатысты. Балалар әуелі саптық дайындықты қалай меңгергендіктерін көрсетсе, кейін жол қозғалысы ережелерін қойылым арқылы сахналады. Ал «Қауіпсіздік дөңгелегі» атты соңғы кезеңде командалар арнайы жолақтан велосипедпен қалай өту керектігін көрсетті. «Жас санитар», «Жас реттеуші», «Жас эрудит» номинациясына үміткерлер дайындаған жұмыстарын қазыларға жеке-жеке тапсырды. Ұйымдастырушылар осылайша қоғам үшін баланың өмірі мен денсаулығы, қауіпсіздігі басты назарда екенін көрсетіп, олардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуды және жол қозғалысы ережелері бойынша оқушылардың білімін арттыруды мақсат етіпті. Слет қорытындысы бойынша командалық жарыста жеңіске жеткен Хамидолла Наубетов атындағы орта мектеп командасы облыстық турға жолдама алды.

Толығырақ сілтемеде

https://www.facebook.com/reel/559140476108595

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *