Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

«ҚАШАҒАНДА» БОЛУЫ МҮМКІН АПАТТЫ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Қашаған кен орнында оқыс оқиға болып, ауыр жарақат алған 4 адам Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Кейбірін күйік шалса, тағы бірінің сүйегі сынған. Абырой болғанда бұл – шынайы жағдай емес, шартты түрдегі оқу-жаттығу жұмыстарының бір бөлігі ғана. Осылайша Атырау облыстық ауруханасының және жедел жәрдем станциясының қызметкерлері, барлығы 50 адам аяқ астынан туындайтын жағдай кезінде жасалатын іс-әрекетті пысықтады. Оқу-жаттығуға НКОК компаниясының өкілдері де қатысты. Атырау облыстық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Дәурен Шанаевтың айтуынша, бірлесе жасалған мұндай жұмыс мамандардың біліктілігін арттыруға ықпал етеді.

Толығырақ сілтемеде

https://www.facebook.com/reel/780686360245341

Оқи отырыңыз...

ШЕКАРАШЫЛАР 35 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ШЫҒЫННЫҢ АЛДЫН

Житель Атырау с инвалидностью первой группы получил водительские права

«МЫҢ БАЛА» ҰЛТТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ