Басты ақпаратЖаңалықтар

ИНСПЕКТОРЛАР ШАҒЫН СУ КӨЛІКТЕРІН ТЕКСЕРЕ БАСТАЙДЫ

«Жайық» өзеніндегі су деңгейі соңғы 4-5 күнде 20 сантиметрге көтерілген. Мұны «Казсушар» мекемесінің өкілдері «Казгидрометтің» ақпараттына сүйеніп айтып отыр. Сондықтан су көліктерінің қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау мәселесі күн тәртібінде тұр. Атырау көлік прокуратурасы жауапты орган өкілдерін жинап алып, осы тақырып аясында жиын өткізді. Мамандардың айтуынша, шағын кемелерде жасы 12-ге толмаған бала саны ересектерден көп болмауы керек. Түнгі уақытта өзенде серуен құрғысы келетін кемелердің міндетті түрде жарық шамдары болуы тиіс. Жалпы қазіргі уақытта түнгі мезгілде үлкен моторлы қайықтар Жайық өзенінде тек балық инспекциясының келісімімен ғана жүре алады. Және келісім кәсіпкерлерге ғана беріледі.

Толығырақ сілтемеде

https://www.facebook.com/reel/1159405614740541

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *