Атырауда бұрғылау, техникалық қызмет көрсету мен геофизика бағытындағы жұмыстар мен мәселелер талқыланған конференция өтті. Оның басты мақсаты – бұрғылау жұмыстарымен айналысатын компаниялар үшін ең үлкен диалог алаңын құрып, коммерциялық және техникалық мәселелерді талқылауға мүмкіндік беру. Іс-шараға ірі мұнай компанияларының, бұрғылаумен айналысатын отандық және шетелдік мекемелердің өкілдері мен осындай жұмыстың басы-қасында жүрген өзге де мамандар қатысты. Конференцияның ұйымдастырылуына бұрғылаушылардың 20 жыл бойы көтеріп жүрген мәселелері себеп болған. Яғни, айлық, жаңа технология, компаниялардың техникалық-материалдық базасы, тағысын тағы. Мәселені шешуге мемлекет, ірі мұнай компаниялары мен қазақстандық кәсіпкерлер атсалысу керек.
Толығырақ сілтемеде
https://www.facebook.com/reel/1742491166180485